- Advertisement -

550 жылдық саяси жағынан да, рухани жағынан да ең орынды мерекелердің бірі — Д. Исабеков

132

- Advertisement -

20121027134044«550 жылдық жалаң ұран емес, саяси жағынан да, рухани жағынан да ең орынды өтіп жатқан мерекелердің бірі. Бұл туралы ол бүгін Алматыда «Қазақ елі» анимациялық фильмі жайлы өткізілген баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

«Өткенді түгендеу керек. Тарихымыз жайлы бірнеше пікір бар. Балалардың миын қатырып жібердік. Отаныңды сүй дегенмен балалар сүйе қоймайды. Ол үшін тарихымызды балаларымыздың көз алдынан өткізуіміз керек. Мына «САҚ» киностудиясының жарнамасын көріп сүйсіндім. Сценарийін күні кешеге дейін талқыладық», — деді жазушы Дулат Исабеков.

Фильмнің режиссері Батырхан Дәуренбековтің айтуынша, жаңа туындының басты ерекшелігі, орта ғасырлардағы Қазақ елінде дала мәдениетінен бөлек қала мәдениетінің де гүлденгенін көрсету.

«Қазақтың тарихын көрсету кезінде киіз үймен ғана шектеліп қаламыз. Орта ғасырларда қазақ жерінде  өте ірі қалалар болған. Отырардағы кітапхананы алсақ, әлемдегі ең ірі кітапхана болған деседі. Мультфильмде үлкен сарайларды, елшіліктерді қабылдап жатқанын көрсетеміз. Бұл дүние балаларға арналып жасалған соң кішкентайларды жалықтырып алмас үшін қызықты юмор келтірілген», — деді фильмнің режиссері Батырхан Дәуренбеков.

Жаңа мультфильм 1456-1465 жылдар аралығындағы Қазақ хандығының қалыптасу кезеңін қамтиды.

Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында фильмде Керей мен Жәнібектің бала кездерінде бастарынан өткен қызықты оқиғалары көрсетіледі. Толық хронометражы 1 сағаттан асады.

Фильмнің премьерасы  тәуелсіздік күнінде барлық кинотеатрларда өтеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support