- Advertisement -

«Көне Тараз» мұражайы алыстан көз тартады

453

- Advertisement -

нысан уақтылы іске қосылады

25Қазақ  хандығының  550  жылдық мерейтойы жақындаған сайын дайындық жұмыстары  қыза түсуде. Қазіргі  таңда Тараз  қаласындағы негізгі  құрылыстардың көпшілігі аяқталуға  жақын. Мерейтой  аясында  құрылысы бітуі  тиіс  ең үлкен  нысанның  бірі –  «Көне Тараз» ашық  аспан астындағы мұражайы. Мұндағы  жұмыс мамырда басталған. Қазіргі  таңда бірнеше компания іске  қызу кіріскен. Жалпы,  бұл этноорталықта  бірнеше  жоба қарқынды  жүзеге  асып   келеді. 

Осындағы  «Көне  Тараз» ашық аспан астындағы мұражайының   құрылысына 932 миллион  теңге қарастырылған. Үш қабатты құрылыстың негізгі жұмыстары бітті. Енді төбесін жабу,  ішкі жұмыстары  және  сыртын  абаттандыру, көгалдандыру ісі  жүзеге  асып  жатыр.  Екі  ауысыммен  жұмысқа  кіріскен  жұмысшылардың қимылдары ширақ. Мұндағы бірнеше  нысанның  құрылысын  бақылайтын арнайы штаб  құрылып, штаб  басшысы ретінде  облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар   көлігі және  автомобиль жолдары басқармасы  басшысының  орынбасары Әділет Ахатаев үнемі  іс басында  жүр.  Бұл мұражайға  «Көне  Тараз» қазба орнынан (бұрынғы  Көк базардың  аумағы) табылған жәдігерлер, талай ғасырдан  сыр шертетін тарихи  тастар, қыш  ыдыстар  қойылу  жоспарланған.  Құрылысты түркиялық  «UCD  Gorporation» компаниясы   жүргізуде.  Компания  басқарушысы – Йылмаз  Бедхредтин. 

Ал «Көне Тараз» ашық аспан астындағы  мұражайын  абаттандыруды  «РамСтройИнжинеринг» жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі   жүзеге  асыруда.  Мұнда   шым  төселіп, тас  төсеніштер  қойылады. Сондай-ақ, 167  шамшырақ   орнату  жоспарланған. Құрылыс  жұмысына  жұмылдырылған  12 техниканың  барлығы  іс басында. Екі жүзге жуық жұмысшының орташа жалақылары жүз мың теңгеден кем емес. Жүргізушілер мен  механизаторлар көліктерін ақаусыз  іске  қосып, құрылыстың  уақтылы  жүзеге  асуын  жеделдетіп   отыр. Біз    іс басынан   облыс  әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасының   басшысы  Рахманқұл Байтелиевті    жолықтырдық.

– «Көне Тараз»  мұражайының  құрылысына қатысты  екі  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  жұмыс атқарып жатыр. Жұмыс  қарқыны  жаман емес.  Қыркүйектің   соңына дейін  құрылыс  жұмысы  толық  аяқталатын болады.  Қазір екі  ауысымда   жұмыс жүріп жатыр. Құрылыс  жоспарлы уақыттан  кешігетін  болса, үш  ауысымда  жұмыс жүргіземіз.  Қаржы  бөлінген,  жұмыс күші жеткілікті. Сондықтан, жоба  уақтылы  жүзеге  асады  деген  сеніміміз   үлкен, – деді Рахманқұл Тұрсынқұлұлы.

Есет  Досалы,

«Ақ  жол».

Тараз  қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support