- Advertisement -

Ата Заңым – айбарым

135

- Advertisement -

Конституцияның 20 жылдығына орай облыстық ішкі істер департаментінің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органының ардагерлері, жеке құрам, сонымен қатар, БАҚ өкілдері шақырылған мерекелік шара өтті. ІІД бастығының бірінші орынбасары Берік Құтбаев жиналғандарды Конституцияның мерейтойымен құттықтап, көп ұлтты Қазақстан халқының тұтастығы мен бірлігін нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, адамдардың тұрмысын жақсарту, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту басты мақсатымыз болып қалатындығын атап өтті. ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы Ержан Егембердиев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовтің  ІІО-ның үздік қызметкерлерін марапаттау туралы бұйрығын жариялады. Облыстағы Ұлттық ұлан мен Ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Өрнекбай Смаилов та ізгі тілегін білдірді. Салтанатты шара полиция қызметкерлері дайындаған үлкен мерекелік концертпен аяқталды.

Шынар САҒИЕВА, 

«Ақ жол».

*       *       *

Осыдан жиырма жыл бұрын 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басты. Содан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына ықпал етті, дамудың қайнар бастауына айналды.

Конституцияның 20 жылдығына орай, мекеме бастығы әділет полковнигі Қанатбек Шажалиев облыс бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінде іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік шара Ата Заңымыздың және Қазақ хандығының мерейтойына арналды. Мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Байғали Қадыров бастаған қызметкерлер Е.Сәбет, Е.Үскенбаев, Ғ.Кемпреков, Е.Ержанбет, С.Бекбергенов, Н.Папишев, Д.Отарбаева ұйымдастыру шараларына белсенді ат салысып, өз өнерлерін ортаға салды. Облыстық филармония қызметкерлері де кештің көрігін қыздырды. Спорттың әр түрінен жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

Ернар ЖЕКСЕНБАЕВ, 

ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің тәрбие 

бөлімшесінің бастығы, әділет аға лейтенанты.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support