- Advertisement -

Қазақ қызына үйленген түркиялық күйеу бала азаматтық алған күні қашып кетті

103

- Advertisement -

pogudx4tbjvprq7po.fd34ccdbҚазақ қызымен некелескен түрік жігіті азаматтығы қолына тиген күні үйден қашып кетті. Оқиғаны куәгер болған ағайынның бірі хабарлады.

Оқиға биыл көктемде орын алған деп хабарлайды оқиғаның өрбуіне куә болған азамат NUR.KZ-ке.

Түркиялық Режеп пен Бақытгүл осыдан үш жыл бұрын алматылық “Барахолкада” танысқан. Жас отыз екіге тақаған қыз базарда сатушы болып жұмыс жасапты. Ал көрші дүңгіршекке тон әкеліп сатқан Режеп болса, Бақытгүлге күні түні сезімін білдіріп, жар болуға көндіреді. Тіпті Түркияға апарып, қыдыртқан.

Бақыттан басы айналған қазақ қызы Режеппен некелесіп, отау құруға шешеді. Артынша, Режеп Түркиядан тауарын тасиды. Ал Бақытгүл саудагер болып бірге жұмыс жасаған. Ортақ бала туралы сөз болғанда түрік күйеу бала «жеке баспана алайық, асықпайық» деп сендіріпті.

Күндердің күнінде жұмыстан оралған Бақытгүл үйден не күйеуін, не оның заттарын таба алмаған. Алғашында жоғалған алтындарын көріп, ұры түсті деп ойлаған ол жолдасын арамдыққа қимапты. Тек үш күннен соң Режеп түнде қоңырау шалып, анасы ауырып жатқандықтан Түркияға кеткенін айтады. Ал қаржы таба алмаған соң өзі сыйға тартқан алтындарды ломбардқа өткізіп кеттім деген.

Алайда күйеу бала сол кеткеннен мол кетіп, тек үш айдан соң әйелі соттан ажырасу туралы арызды көргенде шалқасынан түсе жаздаған. Артынша сұрастыра келген ол Режептің Түркияда екі баласы мен келіншегі барын естіген.

Күйеусіз қалған келіншек қазір сотқа арыз түсіріп, өзін пайдаланған алаяқтан өтемақы талап етіп, Қазақстан азаматтығынан айыруды сұрамақ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support