Қазақстандағы жанармай бекеттері бензин бағасын көтере бастады

Қазақстандағы жанармай бекеттері бензин бағасын көтере бастады
ашық дереккөз
Қазақстандағы жанармай бекеттері бензин бағасын көтере бастады

pogudx5s01i8hfdco.bc0b8498Қазақстан үкіметі АИ-92 маркалы бензинді еркін айналымға жіберіп, қадағалаудан бас тартатынын мәлімдеген соң, еліміздегі кейбір жанармай бекеттері бағаны көтере бастады.

Балқаш қаласындағы жанармай бекеттерінің бірінде АИ-92 маркалы бензиннің литрі 130 теңгеге жетті. Аи-95 литрі 150 теңге, ал АИ-98 маркасы 160 теңгені құраған.

Ал осы аралықта Алматыдағы жанармай бекеттерінде көліктер жаппай кезекке тұра бастады.

Бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев үкіметтің бензин бағасын қадағалап, бағаның өсуіне жол бермейтінін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, 2015 жылы мамырдың аяғында Энергетика министрлігі дизель отынын литріне 99 теңгеден, АИ-80 маркалы бензинді литріне 89 теңге, ал АИ-92/93 маркалы бензинді 108 теңгеден сатуды қолға алған болатын.

Ұқсас жаңалықтар