- Advertisement -

Р.Кертаев: Биылғы маусымда «Хабар» арнасында 7 отандық сериалдың тұсауы кесіледі

77

- Advertisement -

«Хабар» телеарнасы өзінің мерейтойлық маусымында көрермендерін көптеген ойын-сауық бағдарламаларымен, түрлі жанрдағы сериалдармен, сондай-ақ жаңалықтардың жаңартылған форматымен қуантпақ. Бұл жайында Астанада өткен «Бақытыма сенемін» телехикаяның тұсаукесерінде «Хабар» телеарнасы бағдарламалар дирекциясының бас продюсері Ренат Кертаев мәлімдеді.

«Күзгі телевизиялық маусым – қызыққа толы дүниелермен көрермендерді қуантпақ және биылғы жыл өзінің 20 жылдығын атап өткелі отырған «Хабар» агенттігі үшін ең маңызды уақыт. «Хабар» агенттігі жаңа маусымды «Бақытыма сенемін» телехикаясы арқылы ашатын болады. Фильмде қызықты эпизодтар, қызықты диалогтар ғана емес, адами қасиеттерді олардың ішінде махаббат, достық деген құндылықтарды көруге болады. Бұл сериалдың жалпы идеясы отбасы, бауырмалдылық, әріптестік деген дүниелерді алдыңғы орынға шығаруды дәріптейді. Осы тұрғыдан алғанда бұл телехикаяны көре отырып, бір жағынан күлуге де, бір жағынан ойлануға да әрі толғануға да мүмкіндік аласыздар деп ойлаймын.Сериал демесеңіздер бұл дүниеден көркем дүниенің сапасын көруге болады. Сапалы шыққан дүниеге көрермендер оң бағасын береді деп сенемін. Ал, биылғы маусымда бұдан бөлек тағы 7 отандық сериалдың тұсауы кесілетін болады», деді Р.Кертаев.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан мен Ресейдің киномамандары бірігіп түсірген «Бақытыма сенемін» телехикаяның ресми тұсаукесері өтті. Сценарий авторы әрі жоба режиссері ресейлік Станислав Булов. Аталған шараға телехикаяда түскен атақты актерлер Бибігүл Ақтан, Жәния Джуринская, Данияр Әлшінов, Ерік Жолжақсынов және Ақыш Омар қатысты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support