- Advertisement -

Бокс: Азия чемпионатының жартылай финалына алты қазақстандық шықты

80

- Advertisement -

7dcca36478d19d9f89b550aa28919a42Бокстан Азия чемпионаты ширек финал кезеңінің екінші күннің бағдарламасында шаршы алаңға шыққан бес қазақстандық боксшының төртеуі жартылай финал жолдамасына ие болды. Бесіншісі — Закир Сафиуллин (60 келі) кешкі бағдарламада шығады.

Алғашқы болып бүгін өнер көрсеткен Олжас Сәттібаев түркменстандық Зарип Джумаевті 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда енді Азат Үсеналиевке (Қырғызстан) қарсы шығады.

Қазақстан құрама командасының капитаны Данияр Елеусінов қытайлық Лю Вейге қарсы ширек финалды ойдағыдай өткізді. Енді жартылай финалда моңғол боксшысы Тушинбат Бямбынмен кездеседі.

Сирия өкілі Алаа Госсоунды 3:0 есебiмен жеңген Әділбек Ниязымбетов те жартылай финалға шықты.

Сары құрлық біріншілігінде алғашқы кездесуді Иван Дычко да өз пайдасына аяқтап, өзбек спортшысы Баходыр Джалоловты жеңді.

Осылайша жартылай финалға келесі боксшыларымыз шықты — Олжас Сәттібаев (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Иван Дычко (+91 келі).

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support