- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионына пәтер сыйлады

101

- Advertisement -

pogudx6aplhoj9c59.81428017Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Елдос Сметовты қабылдап, үш бөлмелі пәтер кілтін сыйлады.

Жапон күресінің қыр-сырын жетік меңгерген Елдос жақында ғана Астана төрінде дзюдодан өткен әлем чемпионатында 60 кило салмақ дәрежесінде бақ сынап, алтын медальға ие болған.Сондай-ақ аймақ басшысы Елдостың алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұл мен қазіргі бапкері Ғалымжан Жылкелдиевке 1 200 000 теңгенің сертификатын табыс етті.

“Ендігі арманым – Олимпиада биігін бағындыру. Сол мақсатқа жету жолында жаттығу залында талмай тер төгемін”, – дейді Елдос Сметов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support