Халық банкінің басшысы ортақ валютаға қарсылығын білдірді

Халық банкінің басшысы ортақ валютаға қарсылығын білдірді
ашық дереккөз
Халық банкінің басшысы ортақ валютаға қарсылығын білдірді

pogudx2jo1ts5ulc5.6d5426f1Валюталық тәуелсіздікті жоғалту саяси еркіндіктің жоғалуына әкеліп соқтырады деген пікірімен бөлісті “Қазақстан xалық банкінің” басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.

«Мен бұған (ЕАЭО елдеріне ортақ валюта енгізуге – ҚазТАГ) негативті көзқараспен қараймын. Мен ЕАЭО бойынша серіктестеріміздің бұл достастыққа сай емес болуы мүмкін қадамы (ТМД-да доллар мен еуродан бас тартуға ниеттілігін – ҚазТАГ) алдымен ортақ талқыға салынып, ортақ қағидаттар енгізілуі тиіс деп ойлаймын. Біз мұндай экономикалық, валюталық тәуелсіздікті жоғалту одан әрі саси тәуелсіздікке (жоғалтуға – ҚазТАГ) әкеледі деп түсінеміз», – дейді Шаяхметова баспасөз конференциясында.

Оның ойынша, бүгінде Қазақстан валюталық одақ аясында бірігуге дайын емес.

«Біз алтындық-валюталық қорлары, салықтық, қаржылық саясаты әр түрлі елдердің бірігуі кезінде көптеген сауалдар мен мәселелер туындайтынын көріп отырмыз. Алдымен осындай мәселелер шешімін тауып алуы тиіс. Содан кейін ғана ортақ валютаға қатысты реформалар жүргізуге болады. Сондықтан бұл тұрғыда Қазақстан өз мүддесін қорғауы тиіс деп ойлаймын», – дейді Шаяхметова.

Ұқсас жаңалықтар