- Advertisement -

Қазақстанның аялдамалары канадалық фотографтың жинағына енді

73

- Advertisement -

Қазақстанның аялдамалары канадалық суретшінің фотожинағына енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейдің басылымы Lenta.ru канадалық фотограф Кристофер Хервиг туралы материал жариялады, ол кеңес кезіндегі аялдамалардың суреттерінен тұратын жинақты шығарғалы жатыр.

Жинақта 159 сурет бар, оларды Хервиг 30 мың шақырым жол жүріп, 14 елде болып түсірген, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Украина, Армения, Грузия, Беларусь, Литва, Латвия және Эстония елдері бар.

«Бұл тастанды аялдамалар кеңес дәуіріндегі жалпы өнердің түрлілігін көрсетеді және сол уақыттардағы шығармашылық идеялар жайында түсінік қалыптастырады. Бұл ең толық әрі алуан-түрлі жинақ», — делінген кітаптың алғысөзінде. Айта кетейік, кітап ағылшын тілінде осы жылдың қыркүйегінде шығарылады.

«Әр аялдаманың өзіндік мінезі бардай көрінді. Солар арқылы мен Кеңес Одағы туралы стереотиптерімнен бас тарттым, темір шымылдықтың арғы жағында миллиондаған адамның өмір сүретінін, өнердің шекарасын кеңейтіп жатқанын түсіндім», — деп келтіреді Lenta.ru басылымы канадалық фотографтың сөзін.
0be93bf77cf631208a7eb4331d47b560 7b588eac967cbf7804c0fb5c7105f9aa cdcbc268e019a0bff279c990e0ca7cd5 e284bd998d953634b92ba7d35d3664b3 photo_20289

Кристофер Хервиг қазіргі уақытта Нью-Йоркте тұрады. Ол фотографиямен 15 жылдан бері айналысып келеді. Әр жылдары ол Лондон, Стокгольм, Ванкувер және Нью-Йорктің газеттерімен, журналдарымен және ақпарат агенттіктерімен қызметтес болған. Олардың ішінде Reuters, Washington Post, National Geographic және BBC Online ақпарат құралдары бар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support