Америкалықтар 8 жасар қазақ теннисшісін болашақ жұлдызға балап жатыр

Америкалықтар 8 жасар қазақ теннисшісін болашақ жұлдызға балап жатыр
ашық дереккөз
Америкалықтар 8 жасар қазақ теннисшісін болашақ жұлдызға балап жатыр

pogudx6lb6qciib8k.42ea43d7Жас қазақстандық теннисші өз жеңісімен әрі ерекше соққысымен АҚШ-ты таң қалдырды.

8 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны Жақас Қозбақ Флорида штатында өткен халықаралық теннис турнирінде жеңіске жетіп, енді Нью-Йорк қаласындағы бәсекеде оза шауып жүр.

Дүбірлі доданың ұйымдастырушылары жас спортшының ойын өрнегі әлемге әйгілі теннисшілерге ұқсайтынын аңғарды.

«Литл Мо» халықаралық балалар сайысы Нью-Йорк қаласында осымен 35-жыл қатарынан өткізіліп келеді. Балғындар арасындағы дода атақты америкалық теннисші Морин Коннолидің рухына бағышталған.

Есейгенде, «Роллан Гаросс», US Open, «Уимблдон» турнирлерінің Үлкен дулығасын жеңуді армандаймын.

«Литл Мо» кортында Қазақстаннан тұңғыш болып 8 жасар теннисші  Жақас Қозбақ өнерін көрсетті. Қызылорда облысындағы Арал қаласының тұрғыны Флорида штатындағы өткен халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрініп, енді, міне, Нью-Йорктегі алаңда өз мүмкіндіктерін паш етуде.

“Соққыларым мен доп берісім мықты болғандықтан жеңіп отырмын. Мен үшін теннистен артық спорт жоқ. Қарсыластарымның менен сескенгенін қалаймын. Есейгенде, «Роллан Гаросс», US Open, «Уимблдон» турнирлерінің Үлкен дулығасын жеңуді армандаймын. Ата-анамды, Қазақстанды және бүкіл әлемді өз өнеріммен қуантқым келеді”, – дейді  халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы Жақас Қозбақ.

Мен болашақ жұлдыздың қасында тұрмын. Ол – Қазақстаннан келген 8 жасар Жақас.

Жазғы демалыс уақытында Жақас АҚШ-тағы «Эверт» теннис академиясында жаттықты. Ал Нью-Йорктегі турнирдің ұйымдастырушылары қазақстандықтың ойын өрнегі әйгілі теннис жұлдыздарына ұқсайтынын аңғарды.

“Мен болашақ жұлдыздың қасында тұрмын. Ол – Қазақстаннан келген 8 жасар Жақас. Бұл бала менің анамды еске салды. Өйткені менің де анашым 10 жасынан бастап дүбірлі додаларға қатысып, мықты соққыларымен ерекшеленетін”, – дейді  турнир ұйымдастырушысы Морин Коннолидің қызы Синди Бринкер-Симмонс.

Бүгінгі турнирде әр түрлі елден келген 8 бен 12 жас аралығындағы балалар өз өнерін көрсетіп жатыр. Олардың көпшілігі келешек теннис жұлдыздары. Балалар арасындағы бәсеке US Open турнирі қарсаңында өтіп жатқанын айтып кеткен жөн. Кім біледі, болашақта Жақас та бұл дүбірлі доданың жеңімпазы атанатын шығар.

Ұқсас жаңалықтар