- Advertisement -

Жалпақтөбе ауылында емхана ашылды

168

- Advertisement -

1441097465__dsc9429Тараз. Zhambylnews — Жалпақтөбе ауылының тұрғындары тағы бір қуанышқа кенелді. Мұнда күніне 100 адам қабылдай алатын жаңа алғашқы санитарлық-медициналық көмек көрсететін орталық  пайдалануға берілді.
Екі қабаттан тұратын ғимарат  1348,33 шаршы метр жерді алып жатыр. Емхана толықтай заманауи құралдармен жабдықталған. Құрылыс республикалық бюджет қаржысы есебінен жүргізіліп, жалпы  сметалық құны –250068 мың теңге теңгені құрады. Бас мердігері – «ШАРХ» ЖШС.
Ел Конституциясының 20 жылдығы қарсаңында беріліп отырған емхананың ашылу рәсімінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, ауыл тұрғындарын қос қуанышпен құттықтап, жаңа нысанның халық игілігіне айналуына тілестестік білдірді.
Салтанатты жиында Полатқосшы ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абдулхалил Маюфи сөз алып, облыс, аудан басшыларына сәулетті ғимаратты сыйға тартқандары үшін ауыл тұрғындары атынан алғысын жеткізді.
Жаңа емхана ғимаратында медициналық қызметкерлерге де, ем алушыларға да барлық жағдай жасалған. Егу, алдын ала егу, терапевт, педиатр,  акушер, зертхана т.б. кабинеттері мен күндізгі стационар да бар. Жалпы, Жалпақтөбе ауылында  9850 тұрғын бар. Аталмыш медициналық мекемеде 7 дәрігер, 30 орта буынды қызметкер қызмет көрсетеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support