Көкшетау қаласында жасөспірімдер арасындағы көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату секілді ұлттық спорт түрлерінен ел чемпионаты өткізілді. Айтулы аламанда бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша көкпаршыларымыз қарсыластарының барлығын қалпақпен ұрып алып, топ жарса, аударыспақ спорты бойынша бақ сынаған жерлесіміз Ернар Жарылқасын 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі замандастарының бәрінен басым түсіп, чемпион атанды. Көкшетау төрінде өткен дуы басым додада теңге ілу, жамбы ату спорты бойынша да жерлестеріміз жүлдегерлердің қатарынан көріне білді. Атап айтсақ, теңге ілу спорты бойынша біріншілікке қатысқан Төлеген Асанов пен жамбы ату спортының шебері Нұрболат Сарбаев секілді саңлақтарымыз үшінші орын тұғырынан көрінді. Осылайша, жамбылдық спортшылар ел біріншілігінен олжалы оралды.
Табиғат Абаилдаев,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




