- Advertisement -

Артықшылықтарымен дараланады

89

- Advertisement -

800x450_prokuror_IMG_++4576Прокуратура органы заңдардың біркелкі орында­луына қадағалау жасай отырып, Ата Заңымыздың талаптарының орындалуына аса зор көңіл бөледі. Конституция тәуелсіз мемлекетімізге көптеген мүмкіндіктер берді. Онда ел азаматтары бостандығы­ның сақталуы мен жеке құқының қорғалуы, емін-еркін жүріп-тұруы қамтамасыз етілген. Еліміздің өсіп-өркендеуі, әлеуметтік-экономикалық дамуы азаматтық құқық пен адам еркіндігін қамтамасыз ететін заңдар мен заңнамаларға тікелей байланысты. Олай болса, басты Заңымыз ел азамат­тары үшін қастерлі де қадірлі, қасиетті құжат болып табылады. Ата Заңымызды қастерлеп, қағидаттарын бұл­жытпай орындаудың нәтижесінде тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.

Конституция тағдыр тоғыстырған көп ұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болды. Қашанда ынтымағы жарасқан біртұтас мемлекет биіктерді бағындыратыны анық. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болуда. Қазақстан халқының қарымды істері – бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнеге. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің қамтылғанын айғақтайды.
Өздеріңіз білетіндей, еліміздің Ата Заңы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды. Сондықтан, бұл күн – халқымыз үшін үлкен мерекелеріміздің бірі. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырып, мемлекеттіліктің тетігі, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық прициптерін орнықтырып, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгілеп, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындайды. Ата Заңымызда қазіргі заманға сай талаптар бекітілгендіктен, оны халықаралық серіктеріміз мойындады. Соның арқасында тең сауда-саттық қарым-қатынастықтың нығаюына қол жеткіздік. Бас құжатта бекітілген демократиялық бағыттағы бастамаларымыздың арқасында халықаралық ұйымдар қатарына да кірдік.
Ата Заңымызда адам құқықтары мен бостандықтары танылып қана қоймайды, олардың орындалуына кепілдік береді. Конституцияның ІІ бөлімінің 12-бабында «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айырыла алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп жазылған. Ал прокуратура қадағалаушы орган ретінде еліміздің барлық азаматтарына көмек көрсетіп келеді. Прокуратураға тұрғындар заңды көмекке жүгінетіні белгілі. Құқық қорғаушы құрылым – сотта мемлекеттің мүддесін ұсынатын, айыптауды қолдайтын, қылмыстық істерді қозғайтын өкілетті арнайы мемлекеттік орган. Сонымен қатар, адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы іспетті құндылықтарды Конституция негізінде қорғайды. Прокуратураның міндеті – республиканың аумағында заңдардың, ел Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын қадағалау.
Ата Заңда көрсетілгендей, халық қана, ал халықтың атынан тек Парламент қана мемлекеттің құрылымдық негіздеріне өзгерту енгізе алуы Қазақстан азаматтарының құқығы ерекше қорғалғанын көрсетеді. Бірде-бір заң Ата Заңға қарама-қайшы келмеуі тиіс. Ата Заңымыз дамушы мемлекеттер Конституцияларының қатарында осындай артықшылықтарымен дараланады. Еліміздің Ата Заңы мемлекеттің дамуына, халықаралық беделінің нық орнығуына маңызды үлес қосты, сондай-ақ қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді орнықтырды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да, біздің ортақ парызымыз – Негізгі Заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей, құрметтеу» деген еді. Ендеше, Конституциямызды сыйлау, оның нормаларын ұстану, онда бекітілген конституциялық құндылықтарды қорғау әрбір азаматтың парызы және міндеті болып табылады.

Ернат СЫБАНҚҰЛОВ,
облыс прокуроры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support