Ата Заңым — айбыным

173

Айтып биік байламды,
Ұстағанда тізгін Ер.
Ата Заңын айбарлы,
Қабылдады біздің Ел.

Талап мәнін ұғындық,
Тәртіпте бар мағына.
Қажет сәтте үңілдік,
Ата Заңның бабына.

Осы болар бағым да,
Сөйлер болсам толғап мен.
Барлығы Ата Заңымда,
Көрсетілген тармақпен.

Жарқыраса маңдайым,
Жолды жолдар жалғайды.
Ата Заңым әрдайым,
Құқымызды қорғайды.

Сапалы, мығым, бірегей,
Осы болар озғаның!
Жиырма жыл болды, мінекей,
Өз жолың бар, өз Заңың!

Бақытты жүрсек жыр етіп,
Көбейсін жаны ізгілер.
Ата Заңын Ту етіп,
Асқақтай берсін біздің Ел,
Өркендей берсін біздің Ел!

Есет Досалы,
ақын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support