- Advertisement -

Орал пұты әлемдегі ең көне мүсін болып танылды

80

- Advertisement -

20150901084026Шигир пұты әлемдегі ең көне ағаш мүсін болып танылды. Зерттеу көрсеткендей, Ресейдің Орал өңірінде табылған мүсіннің жасы Мысыр пирамидалары және ағылшынның Стоунхенджінен үлкен болып шықты.

Бұл тұжырымдар Ресей және Германия ғалымдарының бірлескен зерттеулерінен кейін жасалған, деп хабарлайды ТАСС.

«Орыс және неміс ғалымдарының бірлескен зерттеулерінің қорытындысы бойынша, Шигир пұтының жасы — 11 мың жыл. Осылайша, оның жасы Мысыр пирамидаларынан шамамен екі есе үлкен болып шықты. Сондай-ақ, ғалымдар пұттың балқарағайдан жасалғанын растады», — деп баяндады Свердловск облыстық өлкетану мұражайының директоры Наталья Ветрова.

Үлкен Шигир пұты 1890 жылы Невьянск қаласының жанындағы Шигир шымтезекті батпағын өңдеу кезінде табылған. Жердің иесі граф А.А. Стенбок-Фермордың әмірімен мүсін Оралдың жаратылыстану әуесқойлары бірлестігі — Свердловск облыстық өлкентану мұражайына сақтауға берілген.

Пұттың биіктігі 5 метрді құрайды. Ол балқарағай діңінен қашалған. Ғалымдардың мәліметтерінше, мүсінге оралдық аңшылар, балықшылар табынған.

«Ол жасы 157 жылдан кем емес балқарағайдың жарылған діңінен тас құралмен қашалған. Сондай-ақ, пұтта ою-өрнек іздері көрініп тұр», — деп хабарлады РҒА Археология институтының жетекші қызметкері Михаил Жилин.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support