- Advertisement -

Таразда бағаны сатып алушының өзі ұсынатын көрме-жәрмеңке өтті

107

- Advertisement -

1440663378_1Таразда мүмкіндігі шектеулі жандар көрме-жәрмеңке өткізді. Онда тастан жасалған бұйымдар, қазақы ою-өрнекпен көркемделген көрпешелер мен суреттер қойылған,-деп жазады 24.kz
Әр туынды жарымжан азаматтардың қолымен жасалған. Шараға үкіметтік емес ұйымдар, түрлі бірлестіктермен қатар жеке кәсіпкерлер де қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Бірақ бір қызығы, сөредегі заттарға арнайы баға белгіленбеген. Сатып алушы өзі ұсынған бағаға сатып алады екен. Ал жиналған қаржы мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың игілігіне жұмасалады. Негізгі мақсат та осы. Жамбыл облысында қазір 34 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар болса, соның 20 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support