Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз сапар шеге алады

Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз сапар шеге алады
ашық дереккөз
Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз сапар шеге алады

Вьетнамға – визасыз қатынас. Алдағы уақытта Қазақстан азаматтары аталған елге визасыз сапар шеге алады, деп жазады khabar.kz сайты.

 Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповтың Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нгуен Ван Хоаны қабылдау барысында мәлім болды. Кездесуде 2 ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселесі сөз болды. Тараптар сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Вьетнам арасында қол қойылған еркін сауда аймағы туралы келісімді одан әрі тереңдету мәселелері төңірегінде ой өрбітті. Қабиболла Жақыпов тамыз айының соңында Қазақстандағы миссиясының аяқталатындығына орай, елшіге қос мемлекеттің қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар