- Advertisement -

Қызылордалық студент кілем тазалайтын орталық ашты

96

- Advertisement -

27-08-kilemҚызылордада 20 жастағы жас кәсіпкер Ғабиден Жақсылық кілемді кәсіби тазалайтын «Ансарлар» орталығын ашып, халыққа қызмет көрсете бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кәсіпорынның жас директоры қызылордалықтарға жоғары сапада кілем тазалау қызметін ұсынып отыр. Стартапердің жобасы аясында сатып алынған соңғы үлгідегі технология кілемнің түпкі дақтарын да тазалауға мүмкіндік береді. Ғабиденге кәсіпкер ағасы 3 миллион теңге көмек берген. Алайда, жобаны толық жүзеге асыру үшін бұл қаражат жеткіліксіз болып шықты. Кәсіпкерлер ақылдаса келе банктен несие алуға бекінеді. Осылайша, мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында алған 11,5 миллион теңге несие қаржысын жас кәсіпкер бүгінде толық игеріп отыр. «Даму» қорының қызметкерлерінен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы туралы естіген соң бірден қатысуға бекіндім. Жобамның 30 пайызын жабатын кепілдеме қойып, «Даму» қорының 70 пайыз кепілдендіруі арқасында несие алып бизнес аштым», – дейді жас кәсіпкер.
Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/08/27/74339

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support