- Advertisement -

ҚР ҰБ қазақстандықтарды алдағы демалыста валютаны сатпауға және сатып алмауға шақырды

57

- Advertisement -

photo_20164Ұлттық банк қазақстандықтарды алдағы демалыс күндері валюталық операциялар жасамауға шақырды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін Астанада ақша-несие саясаты мен қаржы нарығындағы жағдайға байланысты өтіп жатқан брифинг барысында Ұлттық банк өкілі мәлімдеді.

«Жұма күні кешке KASE бойынша бағам белгілі болады, ал айырбас пункттері осы бағам бойынша саудаласады. Конституция күнін тойлауға байланысты ұзақ демаламыз. Айырбас пункттері мерекеге орай банктердің жұмыс істемейтінін пайдаланып, пайда табуды көздейді. Сондықтан да біз қажеттілік туындамаған жағдайда долларды сату, сатып алудан бас тартуға шақырамыз», — деді брифинг барысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы орынбасарларының бірі Олег Смоляков қазіргі уақытта доллар бағамы бойынша түрлі болжамның бар екендігін, алдағы демалыс пен алдағы аптада оның қандай болатынын айтты.

«Бұл бағалаудың диапазоны өте үлкен: біреулер 230 болады деп жатыр. Ресей рублі 1:5 болады деп жатқандар да бар, бұл осы бағам бойынша рубль 350 теңге болады деген сөз. 400 теңге немесе одан да жоғары болатыны жайлы да айтылды. Өздеріңіз көріп отырғандай, доллар бағамы болжамдардан да жоғары, яғни 240 теңге болып шықты», — деді Олег Смоляков.

«Еркін ауытқу бағамына өткен кезде де күтпеген жағдайлар болды. Ол болжанған диапазоннан асып кетті. Яғни бағам туралы айтылған болжамдарға сенбеңіздер», — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Айта кетейік, бүгін KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 241,76 теңгеге тең болды. Осылайға, доллар кешегі сессияға қарағанда 2,23 теңгеге арзандады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support