- Advertisement -

Алматы облысында ұл мен қызға зәру болған аналар нәрестелерін перзентханада айырбастап алды

64

- Advertisement -

Ұл мен қызға зәру болған қос ана балаларын айырбастаған. Бұл туралы оқиғаға куәгер болған дәрігер хабарлады

pogudx7q92hirfeoa.4f8f3272Жаға ұстатар жәйт бірер жыл бұрын Алматы облысының тұрғыны мен Қарақалпақстаннан келген оралманның арасында болыпты. Келіншектер бір-бірімен перзентханада танысқан көрінеді. Оралман әйелдің үйінде 4 ұлы бар, бесіншін де ұл бала босанады.

Ал Алматы облысының тұрғыны ұлға зәру екен. Осыған дейін 5 қыз баланы өмірге әкелген. Жастарының қырыққа таяп, өмірден тілегендері болмаған қос ана осылайша мұңдас болып, күйеулерін қуанту үшін балаларын айырбастауға келіседі.

Олар үйлеріне шығарда өзге баланы бауырларына басқан. Алайда бұл өтіріктің арты сәбилердің туу туралы куәліктерін жасату кезінде ашылады. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қыз баланың жынысы «ұл» деп көрсетілген, ал ұл балаға дәрігерлер берген медициналық карточкада «қыз» деген жазуды оқыған соң, құзырлы органға шағымданып, құжат беруден бас тартқан.

Алғаншында шенділер аталған іске перзенхана дәрігерлерін күдікке іліп, барлығынан түсінік алады. Артынша қатты қорыққан аналар кінәларын мойындаған. Осылайша олардың заңсыз ісі сотқа жолданады. 9 айға созылған сот процесінде қос ана мен олардың жұбайлары бұл істен ағаттық көрмейтіндерін айтады.

Тіпті сәбилерді ауыстырғанға өкінбейтіндерін айтып, тоғыз ай бойы емізіп, өсіргендіктен “бауыр басып кеттік” деп әділқазыға жалынған.

Ет жүрегі езілген келіншектердің көз жасы судьяны жеңіп, аналар қалаған балаларымен болуға рұқсат алып, құжаттарын реттеген. Алайда осы оқиғадан соң Қарақалпақстаннан келген ағайын баланы алып, кері қайтып көшіп кетіпті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support