- Advertisement -

Т. Рысқұлов ауданында 51 ұсақ шаруашылықты ірілендіру жоспарлануда

74

- Advertisement -

1440560588_1Т. Рысқұлов ауданы экономикасының негізі — ауылшаруашылығы саласында 7 ай ішінде 4 млрд. 656 мың 600 теңгенің жалпы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 106,2 пайызды құрады.
Масақты дақылдардың әр гектарынан 14,5 центнер дән бас­тырылып, 113361 тон­на астық жиналды. Барлық егіс­тік жерлердің 99,1 пайы­зы игерілді. «Лу­го­­вой жылқы зауыты” жа­уап­кер­шілігі шектеулі се­рік­тес­тігі алдағы жылы 700 гек­тар егістік алқапты там­шылата суару үшін 27 ар­тезиан құдығын қазып, егіс алқаптарына электр же­лі­лері тартылды. Қазіргі таңда бұл серіктестікте 300 гектар алқап жаңбырлата суарылуда.
Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы ауылшаруашылығы Ғы­­лым Академиясының жайы­­лым­дарды суландыру жоба­сы ар­қылы мал азығын дайындау мақ­сатында 890 гектар алқапқа жаң­бырлатып суару әдісі енгізіледі деп жоспарлануда. «Құдайберген Датқа” шаруа қожалығында 1000 бас қойға арналған 3000 гектар жайылым бар. Қазір бұл жерде 48 дана күн сәулесі батареясы орнатылды. Қожалық 330 бас асыл тұқымды қой сатып алды.
Ірілендіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Биылдың өзінде 51 ұсақ шаруа­шылықтар іріленеді деп жоспарлануда. Өткен жеті айда 35 шаруа қожалықтары мен үлескерлер 6 шаруа қожалығына қосылып, іріленді. Мал басы көбейе түсті. Мал өнімдері үшін 260,2 млн. теңге субсидиялық төлемдер төленуде.
«Батыс Европа – Батыс Қытай” автодәлізі бойында 3 шағын тауарлы-сүт фермасы құрылды.
«Сыбаға”, «Алтын асық”, «Құлан” бағдарламалары дә­йек­ті жүзеге асырылуда.
Жеті ай ішінде 2 млрд. 165 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 105,4 пайызды құрады.
Жыл басынан бері жер­гі­лікті бюджетке қаражат тү­сі­ру жоспары 107,6 пайызға орындалды. Әлеуметтік төлем­ақылар уақтылы тө­ле­нді. Құрылыс жұ­мыстары жоспарға сай жүр­гізіліп, Юбилейное ауы­лынан за­ма­науи жаңа мек­теп бой кө­тер­ді.

«ZhambylNews» АА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support