Доллар қайта қымбаттап, 14 теңгеге дейін көтерілді

Доллар қайта қымбаттап, 14 теңгеге дейін көтерілді
ашық дереккөз
Доллар қайта қымбаттап, 14 теңгеге дейін көтерілді

pogudx2k3ni8s7did.fc773a5eАстана уақыты бойынша 11:00-де Қазақстан қор биржасында валюталық садуаның таңертеңгілік сессиясы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша, доллар 13,88 теңгеге қымбаттап, 243.99 теңге болды деп хабарлайды Nur.kz тілшісі.

«Орташа сараланған АҚШ долларының бағамы теңге бойынша T+0 есебімен долларына 243,99 теңгені құрады (+13,88 теңге), сауда мөлшері – 57 100 мың USD (-87 700 мың USD).

Теңге және доллар бойынша еуро бағамының T+0 есебімен саудасы жүргізілмеді. Сессияның жабылу сәтінде баға белгіленімі көрсетілмеді.

Қытайлық юаньнің орташа сараланған бағамы теңге бойынша T+0 есебімен бір юаньға 37,7900 теңгені құрады (-0,8400 теңге), сауда көлемі – 200 мың юань (0 мың юань)», — делінген биржа сайтында.

“Казкоммерцбанктің” ресми сайтында бүгінде айрыбас нүктелерінің Алматыдағы филиалдары қойған доллардың сату құны – 249,5 теңгені, ал сатып алу құны 247,5 теңгені құрайтыны жарияланған.

казком багам

Ал kurs.kz сайтында бүгінгі күнде Аматыдағы айрыбас нүктелері қойған доллардың ең тиміді сату бағасы – 246 теңге, сатып алу бағасы – 241 теңге деп көрсетілген. Сайтта бағалардың тәулік ішінде өзгеруі мүмкін екендігі ескертіледі.

курс

Еске салсақ, кешегі таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша доллар бағамы 230,11 теңгені құраған болатын.

Ұқсас жаңалықтар