«Қазпошта» Коституцияның 20 жылдығына арналған марка шығарды

«Қазпошта» Коституцияның 20 жылдығына арналған марка шығарды
ашық дереккөз
«Қазпошта» Коституцияның 20 жылдығына арналған марка шығарды

 «Қазпошта» Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған марканы пошталық айналымға шығарды.

Бүгін Конституциялық кеңестің ғимаратында марканы бастыру салтанаты өтті. Іс-шараға «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мен Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов қатысты. – Бұл марка «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясында шығарылған. 4 бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі маркалы парақ. Парақтың өлшемі 130х108 мм. Марканың өшемі 26х36 мм. Парақта 8 марка. Пошталық марканың номиналы – «А» литерасы (112 теңге) – заңды тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасы аумағында жер үсті көлігімен 20 граммға дейін салмақта қарапайым хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді. Тарылымы – 5000 дана. Суретін Қ. Ибрайшин салған. Пошталық марка Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» республикалық кәсіпорнында басып шығарылды, – дейді Б. Мусин.                                                                                                                                                             Бек Төлеуов

Ұқсас жаңалықтар