- Advertisement -

Сарапшы: Теңгенің икемді бағамы экономиканың тұрақтылығын арттырады

96

- Advertisement -

Теңге бағамы бүгін сәл көтерілді. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Асқар Елемесов ҚазАқпаратқа теңгенің долларға шаққандағы құнының сәл артуына байланысты өз пікірін білдірді.

«Валюталық биржадағы сатылым төмен. Ешкім ешнәрсе сатып алмауда, ешкім сатпауда. Бәрі де әліптің артын бағуда.  Бірінші күнгі деңгей — доллардың 250 теңгеге дейін жетуі тым артық көрсеткіш деп ойлаймын. Сарапшылардың көпшілігі бір доллар 230 теңге көлемінде болады деп есептеген. Қазір болып жатқан құбылыс, теңгенің долларға қарағанда аздап нығаюы, бағамның кейін қарай жылжуы — бұл қалыпты жағдай», — деді сарапшы.

А.Елемесов сыртқы нарықтағы жағдай теңге бағамына әсер ететінін айтты. «Бағамды икемді қылуы экономика тұрақтылығын арттырады деп ойлаймын», — деді ол.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support