- Advertisement -

Қазақстандағы АҚШ елшісі елімізде “айран мен қаймаққа бола жұмыс істеп жүргенін” айтты

63

- Advertisement -

pogudx1p2040nr4cbo.f695faeaҚазақстандағы АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол елімізде айран мен қаймаққа бола жұмыс істеп жүргенін айтты.

59 жастағы елші таңғы асқа нан, қаймақ пен шұбат жегенді ұнатады екен. Ұзақ уақыт Шығыс Еуропа, Украина, Белоруссия және Ресейде жұмыс істеп келген Крол бүгінде Астанада қызмет етуде.

“Қышқыл сүт өнімдерін қатты ұнатамын. АҚШ-та мұндай азық-түліктерді таппайсың. Кей-кездері тек айран мен қаймаққа бола шет елде жұмыс істеп жүргендей боламын. Күн сайын супермаркетке барып, 285 теңгеге айран, 240 теңгеге сүт сатып аламын “, – деп күледі елші.

Кезінде Өзбекстанда 4 жыл қызмет еткен Крол олардың жемістері Қазақстандағыдан гөрі әлдеқайда дәмді екенін байқаған. Дегенмен Ташкентте біздің еліміздегідей еркін жүре алмайтынын жасырмады.

“Қазақстанда мені түрімнен танитындар аз. Өзімді қауіпсіздікте сезініп, жалғыз базар аралай аламын. Ташкентте болса, мен джинсы киіп, рюкзак асынып, метромен жүретінмін”, – дейді Крол.

Елші қыста қоғамдық көліктерді пайдаланатынын айтуда. Оның ойынша жолақыны 90 теңге еткені ыңғайлы емес.

Мен жолақы төлеу үшін тиын санап, 90 теңге іздеп тұрғаннан қысыламын

“Мен жолақы төлеу үшін тиын санап, 90 теңге іздеп тұрғаннан қысыламын. Жолақы 100 теңге болғанда ыңғайлырақ болар еді. Ал қазірде қоғамдық көлікке отыру үшін өзіңмен көп майда ақша алып жүруің керек. Немесе қайырымын күтіп, тұрып қаласың”, – деп ағынан жарылды Крол.

Елші Санкт-Петербургтің ызғарлы аймақтарында тұрып көргеннің арқасында Астананың суығынан қорықпайтынын жеткізді. Оған мұндай өңірлерде ең бастысы монша болса жеткілікті екен.

“Кейбіреулер жексенбі сайын шіркеуге барады. Ал мен моншаға барып, тазарғанды жөн көремін”, – деп жалғастырды елші.

Көп елді көрген Крол әр мемлекеттің адамдары әр түрлі екенін байқаған. Ол тіпті бір мемлекеттің өзінде адмадар әр түрлі болады деген пікірде.

Қазақтар алғаш кездестіргенде суық адамдар сияқты көрінгенімен, өте ашық адамдар

“Меніңше, америкалықтар қанша ашық болып көрінгенімен, іштей өздеріне ешкімді жақындаттыра бермейді. Қазақтар болса, керісінше, алғаш кездестіргенде суық адамдар сияқты көрінгенімен, өте ашық адамдар. Мен үшін қазақпен достасу некеге тұрумен бірдей болып көрінеді”, – дейді Крол.

Крол елшіліктегі қызметкерлермен бірігіп, елшілік маңына киіз үй орнатқан екен. Шаңырағын тұрғызуға өзі атсалысқан елші бүгінде қабылдауларды киіз үйдің ішінде өткізіп жүр.

“Менің елші әріптестерім киіз үйге алып кіргенде аң-таң болып жатады. Киіз үй сыйластық белгісі болып қана қоймай, біраз мәселелерді шешеді. Елшілікте іс-шара өткізетін орын аз. Киіз үй – бұл жағдайдың оңтайлы шешімі”, – деп жалғастырды елші.

Крол президент Нұрсұлтан Назарбаевты өмірінде тек бір рет кездестірген екен. Ол Назарбаевтың жайдарлы адам болып көрінгенін айтуда. Қазақстанда бар-жоғы 6 ай болған Крол, тек Алматы мен Астананы көрген болып шықты.

Мен кей облыстарда тұрғындар негізінен қазақ тілінде сөйлесетінін естідім

“Мен Павлодар, Ақтау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда қалаларын көргім келеді. Маған ол жердегі өмір мүлдем өзгеше болып көрінеді. Мен кей облыстарда тұрғындар негізінен қазақ тілінде сөйлесетінін естідім. Бұл жайт маған қызық болып көрінеді”, – дейді Крол.

Елші Қазақстанға келіп, жылқының етін жеуді үйренгенін айтуда.

“Мен бұрындары салт атты адам болатынмын. Жылқының үстінде шапқанды қатты ұнататынмын. Ал мұнда келіп, мен жылқының етін жеуді үйрендім”, – деп ағынан жарылды Крол.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support