- Advertisement -

Қазақстанда доллар бағамы 255 теңгеге жетті

81

- Advertisement -

Қазақстанның ақша айырбастау нүктелеріндегі жағдай күрделеніп жатыр. РБК банкте ақша айырбас нүктесінде 1 доллар үшін 212 теңге сұралса, сатып алу құны 210 теңгеге жетті.

Kurs.kz сайтының деректері бойынша Алматының барлық дерлік ақша айырбастау нүктелерінде долларды сатып алу құны ғана көрсетілген, долларды сату бағасы белгісіз.

Сәрсенбі күні, 19 тамызда, теңгенің долларға деген бағамы 188,38 теңгені құраса, сессия аяқталғанша 195 теңгеге жеткен.

Ал бейсенбіде қазақстандық валюта биржасында (KASE) таңертеңгі негізгі сауда сессиясында теңгенің орташа бағамы сәрсенбідегі 188,38 теңгеден 1 долларға 255,26 теңгеге дейін жетті.

Қазақстандық валюта нарығы валюталық дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге негізделген үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесіне жауап берді.
Биржаның мәліметінше, сауда көлемі 115,550 миллион долларды құрады.Бейсенбіде премьер-министр Кәрім Мәсімов валюталық  дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кіріскенін мәлімдеген болатын.

Қазақстанда валюта дәлізін алып тастады

Мәсімов теңге бағамының еркіндікке жіберілуіне орай бағаны негізсіз көтермеуді тапсырды

Назарбаев Ұлттық банкке валюталық саясат шараларын шұғыл пысықтауды тапсырды

курс

Казкоммерцбанк сайты осы таңда ашылмай тұр. NUR.KZ интернет-порталының оқырманы жіберген скриншотқа сүйенсек, банкте 1 доллар 257 теңгеге сатылып жатыр.

ккб

Ақсай қаласының тұрғындары ақша айырбастау пункттерінде доллардың 258 теңгеге сатылып жатқанын суретке түсірген деп жазады «Уральская неделя».

rehc

астана

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support