Назарбаев: Ел экономикасына үлкен қауіп төніп тұр

56

pogudx4vbbr41acsl.afad1733Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасына үлкен қауіп төніп тұрғанын ескертті деп хабарлайды КТК арнасы.

Дүние жүзіндегі экономикалық ахуал өте нашар. Қазақстан сататын металлдың бәрі 30 пайызға төмендеді, темір, мыс, қорғасын. Онымен қоймай,  біздің сыртқа шығарып сататын көршілеріміз Қытай, Ресейдің сатып алу қабілеті төмендеп, біздің нарығымыз қысқарды. Еліміздің экономикасын, тіпті тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін өте үлкен белестің алдында тұрмыз, шара қолдануымыз керек”, – деді президент.

Осылайша, Қазақстанды қаржылық қиындық екі бүйірден қысқалы тұр. Әлемдік мұнай бағасының күрт төмендеуіне  байланысты бюджеттің түсімі де жарты триллион теңгеге азайып  отыр.

Ал қара алтынның құны алдағы 5 жылда дәл осы деңгейде сақталуы мүмкін, – деді елбасы. Сондықтан үкімет барынша  тиімді  бюджеттік және ақша саясатына көшуі керек және  2018 жылға дейін жаңадан салынатын құрылыс нысандары  тоқтатылатын болды.

Президент  республикалық бюджет тапшылығын  ішкі резервтің есебінен 1 пайызға төмендетуді тапсырды.

Сондай-ақ бұл дағдарыс Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіпке кері әсер етеді, бұрын-соңды мұндай қиындық болмағанын айтқан Назарбаев әрбір министрдің жұмысын жеке бақылауда ұстайтынын ескертті.

Comments are closed.