- Advertisement -

Аймақта мал саны артып келеді

63

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында шаруашылықтың барлық санаттарында тірідей салмақпен 52,1 мың тонна мал және құс еті өндірілді немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 103,4 пайызды құрады. Бұл туралы Жамбыл облыстық Статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сауылған сүт 3,5 мың тоннаға (2,2%-ға) кеміп, 163,8 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстарғанда өндірілген жұмыртқа 6647 мың данаға (11,1%) көбейді.
2015 жылғы қаңтар-шілдеде әр сауын сиырдан сауылған сүт орта есеппен 1543 кг-ды, ал әр мекиен тауықтан алынған жұмыртқа 98 дананы құрады.
Ағымдағы жылдың  1 тамызвнда шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал санын өткен жылмен салыстырғанда ірі мүйізді мал 7,7%-ға (2,3 мың басқа), қой мен ешкі 2,1%-ға (60,7 мың басқа), жылқы 3,9%-ға (4,2 мың басқа) көбейді, ал шошқа 0,5%-ға (180 басқа), құс 10,3%-ға (131,5 мың басқа) азайды.
Облыстың барлық санаттағы шаруашылықтарында 105,2 мың бас бұзау, қозы мен лақ 1925,6 мың бас, торай 39,4 мың бас, құлын 33,7 мың бас алынды .
2015 жылғы қаңтар-шілдеде талдау жасалы отырған кезенде облысымыздың барлық санаттағы шаруашылықтарында 151 бас ірі мүйізді мал (өткен жылғы деңгейге 139,8%), 2066 бас – қой мен ешкі (34%), 104 бас — жылқы (2,2 есе) өлім — жітімге ұшырады.
Мал мен сүттің негізгі бөлігін өндіру тұрғын халықтың жеке үй шаруашылықтарының үлесінде қалып отыр. Олар облысымызда өндірілген барлық еттің – 71,6%-ын, сүттің – 83,7%-ын, жұмыртқаның – 62,5%-ын.
2015 жылғы қаңтар-шілдеде облыста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ағымдағы бағалармен 55622,3 млн. теңгені құрады.
«ZhambylNews» АА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support