- Advertisement -

Тараз тұрғындары «Мәңгілік ел» концертін тамашалады

76

- Advertisement -

1439955017_img_0089-1Жуырда  Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» атты  концерттік бағдарлама өтті.
Қалалық мәдениет үйінде тегін қойылған концертке «Ақ кербез» би ансамблі, дәстүрлі әншілер Ерлан Ибәділдаев, Бақыт Шағырбаев, Оңал Азаматова, эстрада әншілері Мәдина Сағынбекова, Балжан Ділдәбекова, Жанна Асанқұлова және т.б. филармония әртістері қатысты.
Шараның мақсаты-хандықтың туы тігілген тарихи өлкеміз жайында әндер мен жыр-термелер орындау арқылы халықтық билерді көрсету, ұлт тарихын ұлықтап, ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді қастерлеу, тамыры терең дәстүрлі музыка өнерін кеңінен насихаттау.
Алдағы уақытта осындай  тегін концерт қала халқы үшін айына 1 рет тұрақты түрде өткізілетін болады.

«ZhambylNews» АА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support