Қытайлық Тяньцзиньде тағы жарылыс болды
12 тамызда жарылыстар сериясы мен өрт шыққан Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласындағы қойма маңында тағы жарылыс орын алды. Бұл туралы ТАСС Орталық қытай телевизиясына сілтеме жасап хабарлады.
![1181841980](https://i.onthe.io/pogudx6abkbra816n.d6d38c2b.jpg)
Оқиға орны ауданында «ақ түтін пайда болды», жақын жердегі әскери қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарланды.
Төтенше жағдай «Жуйхай» логистикалық компаниясының қоймасында орын алды. 2 шақырым жердегі үйлердің терезе шынылары сынып, 1 мыңнан астам автомобильге зақым келтірілді.
Қуаттылығы тротил эквивалентінде 3 тоннаны құрайтын жарылыстан кейін ол жерде өрт шыққан. Бұдан кейін қоймада тағы бірнеше жарылыс орын алды. Ең күштісінің қуаттылығы тротил эквивалентінде 21 тоннаны құрады.
Құтқарушылар 112 адамның мәйітін тапты, 95 адам із-түзсіз жоғалған деп есептелуде. Оқиға орнында тиісті жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ауқымды реформалар – алға басудың алғышарты
- 27 маусым, 2024
Адами борыш, азаматтық міндет
- 17 маусым, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді