- Advertisement -

Басқа елдің бос вагондарына Қазақстанға кіруіне тыйым салынды

66

- Advertisement -

Биылғы тамыздың 10-ынан бастап Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан мемлекеттерінің темір жол әкімшіліктерінің бос вагондарын жалға алушылар және жүк жөнелтушілерінің Қазақстан аумағында қабылдау және беруіне конвенциялық тыйым салынды.

Соған қарамастан Ресейден жартылай ашық бос вагондар темір жентектері, көмір өнімдерін тасымалдауға бұрын жасалған келісім шарттарға орай қабылдануда.
Бұл шешім Достастыққа қатысушы мемлекеттер арасындағы Темір жол әкімшіліктері Кеңесінің құқықтық нормаларына қайшы келмейді. 1520 темір жол табаны кеңістігіндегі темір жол көліктерінің әрбір мемлекеттегі темір жол әкімшіліктерінің өзіндік техникалық және технологиялық шешім қабылдауы — жылдар бойы жасақталған басқару механизмдерін реттеу режіміне кедергісі жоқ.
Тасымалдау үдерісіндегі жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты жылжымалы құрамды тиімді пайдалану көзделуде. Көршілес мемлекеттердің ел аумағында бос вагондарының тұрып қалуы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның шағын станциялары мен негізгі магистраліндегі қозғалыс қауіпсіздігіне зиян келтіруде. Соңғы кездері ел аумағында қазақстандық вагондарға жүк тиеу көлемі де төмендегені байқалды.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы вагон паркінің жұмысын реттеу мақсатында басқа мемлекеттердің бос вагондарына шектеу қою туралы уақытша шараны енгізуге мәжбүр болып отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support