- Advertisement -

Жапондар сөмкеге салуға болатын көлік шығарды

82

- Advertisement -

Сумкага салатын коликЖапонияның өнертапқышы Куниако Сайто сөмкеге салуға болатын көлік жасап шығарды. 26 жастағы жапон инженері скейтбордқа ұқсас көлігін WalkCar деп атапты. Ол мұндай көлікті қаладағы кептелістен құтылу мақсатында жасап шығарған. Сондай-ақ, өнертапқыш өз өнімінің мүмкіндігі шектеулі жандарға да көп көмек тигізетінін айтып отыр.
WalkCar алғашқы «сөмке көлігінің» салмағы 2-3 келі болмақ. Бұл тұста тұтынушы өзінің салмағына қарай сатып ала алады екен. Жаңа өнім 120 келіге дейінгі салмақтағы адамдарды алып жүре алады. Сонымен бірге, жаңа көліктің көлемінің планшеттердей-ақ екені айтылады. Адам оның үстіне шықса қозғалады, егер түсе қалса бірден тоқтап қалады. Ал бұрылу үшін көлікті дене ырқымен басқаруға болады екен. WalkCar нарыққа 2016 жылдың көктемінде шықпақ. Бағасы – 750 евро шамасында.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support