Жапонияның өнертапқышы Куниако Сайто сөмкеге салуға болатын көлік жасап шығарды. 26 жастағы жапон инженері скейтбордқа ұқсас көлігін WalkCar деп атапты. Ол мұндай көлікті қаладағы кептелістен құтылу мақсатында жасап шығарған. Сондай-ақ, өнертапқыш өз өнімінің мүмкіндігі шектеулі жандарға да көп көмек тигізетінін айтып отыр.
WalkCar алғашқы «сөмке көлігінің» салмағы 2-3 келі болмақ. Бұл тұста тұтынушы өзінің салмағына қарай сатып ала алады екен. Жаңа өнім 120 келіге дейінгі салмақтағы адамдарды алып жүре алады. Сонымен бірге, жаңа көліктің көлемінің планшеттердей-ақ екені айтылады. Адам оның үстіне шықса қозғалады, егер түсе қалса бірден тоқтап қалады. Ал бұрылу үшін көлікті дене ырқымен басқаруға болады екен. WalkCar нарыққа 2016 жылдың көктемінде шықпақ. Бағасы – 750 евро шамасында.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




