- Advertisement -

Басын аяқпен тебуден рекорд жаңартты

94

- Advertisement -

Непал тургыныНепал тұрғыны басын аяқпен тебуден Гиннестің рекордтар кітабына кірді.
Ол өзін бір минуттың ішінде 134 рет тепті.
Рекордты жаңартқан Пускар Непалдың айтуынша, Гиннестің рекордтар кітабына кіру үшін ол күніне бірнеше сағаттан жаттыққан. «Менің рекордтар кітабына енгім келді. Бірнеше жыл бұрын маңдайдан тебу деген категорияның бар екенін білдім. Мен сол жолды таңдап, нәтижеге жетуге ұмтылдым», – деді жасөспірім. Оның айтуынша, ол жаттығудың арқасында маңдайдан екі аяқпен тебуді үйренген.
«Тәжірибе ауыр болды. Рекордты жаңартқанға дейін денем икемді болу үшін сегіз, тоғыз ай дайындалдым», – дейді ол. Оның сөзіне қарағанда, бастан былайша тебу оның денсаулығына кері әсер етпеген.
Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд ағылшын Джоэль Лейендекерге тиесілі. Ол өзін 124 рет тепті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support