- Advertisement -

Сексен пайыз артық салмақтан құтылды

87

- Advertisement -

image002Майра Розалес патологиялық семіру сырқатына шалдыққан. Ол жүру түгілі денесін де Без и++6мени-1 көтере алмайтын. Семіздіктен дәрменсіз күйге түскен Майра сырқатын еңсеру жолында денесінің 80 пайызынан құтылды. Оның салмағы 470 келі болатын. Майларының қатпарынан Майраның аяқтары адам шошырлық күйге жеткен. Күнделікті тіршіліктің өзін атқаруға қауқарсыз еді. Алып келіншектің арықтауына мына жағдай себеп болды. Оның немере інісі ауыр бас жарақатымен емханаға түсіп, көз жұмады.  Майра баланың өлімі өзінің оның үстіне абайсызда құлап кетуінен деп полицейлерді сендіруге тырысады.  Алайда орнынан тұра алмай жатқан бойжеткеннің өлімге себеп бола алмайтынын ұққан тәртіп сақшылары оған кінәлі деп баланың анасын, яғни Майраның әпкесін қамауға алады. Әпкесінің балаларына ендігі бас-көз болатын ешкім жоқтығын түсінген ол арықтауға бар күшін салады. Майра Розалес ең алдымен ауыр отадан өтуі тиіс еді. Арықтау түгілі қозғалуға мұрша бермейтін майларынан ол тек ота арқылы құтылды. Оны емханаға апару үшін бір топ адамның жұмылуына тура келді. Бірнеше ауыр отадан өткен ол денесінің  сексен пайызынан құтылды. Патологиялық семіруге шалдық­қандар отадан кейін қайтадан семіре бастауы ғажап емес. Сол үшін Майра барынша өзін қолға алып, азуға бар күшін салады. Жаттығулар жасап,  қатаң диета ұстады. Бүгінде Майраның салмағы – 91 келі. Ол  телевизиялық шоуларда өз жетістігінің сырымен бөлісіп жүр. Бұрынғы қалпына қайтып түспейтініне сенімді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support