
Австралияның Перт қаласында Стеларк (Stelarc) деген лақап атпен танымал суретші тұрады. Білегіне есту органын өсірткізіп шығарған Стеларк енді оны ғаламторға жалғамақшы.
Австралиялық қарт денесіндегі осы бір үшінші құлақты одан әрі өсіріңкіреп, оған түйме пішінді микрофонды жалғайды. Сосын оны сымсыз Wi-Fi арқылы ғаламторға тәулік бойы қосып қояды. Суретші білектегі құлағы арқылы өзі естіген дыбыстың бірде-біреуін қалдырмастан, ғаламтор арқылы жер-жаһанға таратпақшы екен. Ал оның қай дыбысты нақты қай жерде жүріп естігені жайлы ақпаратты GPS-модульден танып білуге болады. Айта кету керек, осыған дейін адамның ойына кіріп шықпайтын әрекеттерге әуес бұл қарт өзінің бас сүйегіндегі құлақ етіне микрофонды кіріктіріп көрген еді. Бірақ ол кезде мұнысынан түк шықпай, кіріктірілген тұстағы еті бұзылып, микроб түскендіктен, тәжірибені тоқтатқан. Жалпы құлақты білегіне өсіріп шығару үшін Стеларк 20 жыл өмірін сарп еткен. Оның алғашқы 10 жылында суретші мұндай операцияны жасауға жүрексінбейтін дәрігерлер іздепті. Ақыры 2007 жылы оның сол қолына биополимерлі тірек кіріктірілді. Артынша оның айналасына тері өсіп, қан тамырлары пайда болыпты.Суретшінің айтуынша, болашақта адамдар өз денесіне бөгде заттарды кіріктіру арқылы да ғаламторға қосылатын болады, деп жазады lenta.ru.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті
- 4 маусым, 2025
Шерзат ісіне қатысты сот үкімі 5 маусым күні шығады
- 3 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді