«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаңа оқу жылына әзірміз

Жаңа оқу жылына әзірміз
ашық дереккөз
Жаңа оқу жылына әзірміз

150c03e0f071b299ab023e2bb018296bЖаңа оқу жылын  Қордай ауданында 49 жалпы білім беретін  мектеп (26700  оқушымен) пен   20 балалар бақшасы (3020 бүлдіршін), 31 мектеп жанындағы шағын орталық (1843 бүлдіршін), 1 кешкі мектеп ( 390 оқушы), 9 мектептен тыс мекеме (4898 оқушы)  бастағалы отыр. Білім саласына 2015 жылы аудан бойынша 6 миллиард 308 миллион  теңге бөлінген, бұл  былтырғымен салыстырғанда  5 пайызға артық.  Биыл  аудан  мектептерінде  2447  мұғалім  дәріс  беретін  болса, олардың  90 пайызы жоғары  білімді,  қалғандарының орта кәсіптік  білімі  бар. Мұғалімдердің  он  пайыздан астамы  жоғары  санатты, 26 пайызы  бірінші  санатты, 35 пайызы екінші  санатты. Алдағы жаңа оқу жылында аудан бойынша   1-11 сыныптағы  13454  оқушы  бюджет есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады,  бұл көрсеткіш 52,5  пайызды құрап отыр. 1-3 сыныптың    9301 оқушысы және  жағдайы төмен отбасыларынан  4148 оқушының әрқайсысының бір күндік тамағының құны 180 теңгеден айналуда. Интернатта тәрбие алатын   86 баланың әрбірінің бір күндік  тамағының  құны бұрынғы  380 теңгеден  500 теңгеге  арттырылып,  құнарлылығы жақсарды.   Шалғай жатқан ауылдардағы және мектептен алыс орналасқан елді мекендердегі мектеп жасындағы оқушыларды тасымалдау мәселесі де шешімін тапты. Бүгінгі таңда ауданның 10 елді мекенінде (Сарыбұлақ, Жамбыл, Қасық, Ноғайбай, Шарбақты, Алға, Отар, Керу, Күнбатыс-2, Үлкен Сұлутөр) 310 баланы  тасымалдау  жолға  қойылған. Мектеп жасындағы балалардың сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» акциясы    аясында  аз қамтылған отбасыларынан 3170 оқушыға аудан бюджеті есебінен және бюджеттен тыс демеушілер көмегімен жалпы сомасы 25 миллион 565 мың  теңгені құрайтын ақшалай көмек көрсетілетін болады. Оның ішінде бюджеттен бір  балаға он мың  теңгеден есептеліп, 755 балаға 7 миллион 555 мың теңге  және бюджеттен тыс демеушілер тарапынан 2415 балаға 13 миллион 875 мың 730 теңге бөлінді.   Акция  барысында ауылдық округтер мен білім мекемелері және жеке шаруа қожалықтары да  үлкен іс-шаралар өткізді. Былтыр ауданда апатты жағдайдағы  бес  мектеп  болса,  биыл Қордай  және  Қақпатас  ауылдарында жаңа  мектептердің  салынуына байланысты  олардың  саны   үшеуге  азайды.   Оның ішінде № 33 және № 11 мектептер  құрылысының  жобалық-сметалық құжаттамасы  дайын болды.  Аудан мектептерінің 38-і типтік, 11-і ыңғайластырылған  ғимараттарда орналасқан,    14  мектеп бір  ауысымда (15608 оқушы), 39  мектеп екі  ауысымда  (9980 оқушы) оқытылады,  үш  ауысымды мектептер жойылды. Бүгінде, аудан    мектептері   143 интерактивті тақтамен, 30 лингофонды-мультимедиялық, 19 физика,  15 химия, 22 биология кабинеттерімен жабдықталып, жыл сайын жаңа компьютерлермен толықтырылып, интернетке 100  пайызға  қосылу мүмкіндігіне ие болып отыр. Жалпы компьютерлер саны 2370, оның ішінде оқу үрдісінде 2175-і пайдаланылуда, 2015 жылы  1 компьютерге   12   оқушыдан келіп отыр. Мектептердің интернет желісімен жұмыс жүргізуіне 2015 жылы  жергілікті бюджеттен 23 миллион  633 мың теңге бөлініп игерілуде.  Сонымен қатар,  аудандағы   8 мектепте  «е-learning» бағдарламасына сәйкес  толық жабдықталып  электронды  оқыту жүйесіне енгізілген  және сегіз мектептің онлайн тәсілінде  интерактивті сабақтарды өткізуге лизенциялары бар. Жаңа  оқу жылына   мектеп оқушыларын 4-інші, 5, 6 және 11-інші сынып оқулықтарымен  және  оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджеттен 103 миллион 209 мың теңге және облыстық бюджеттен 12 355 мың теңге қаржы бөлінді. Бұл  қаражатқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің  2014 жылғы  10 желтоқсандағы №515 бұйрығымен бекітілген 2015-2016 оқу жылында қолдануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің тізбесіне енгізілген  4, 5, 6, 11 сынып оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары және қосымша 7 сыныптарға информатика пәнінің, 3 сыныпқа ағылшын тілі пәнінің оқулықтары мен оқу әдістемелік құралдары  баспалардан  тапсырыспен алынып,  барлық мектептерге таратып берілді. Сонымен қатар, мектептерді жаңа оқу жылына  және жылыту маусымына уақтылы және сапалы  дайындауда жоспарлы шаралар атқарылды.   Аудан  мектептерін   ағымдағы жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен   бөлінген 7 миллион 127 мың теңге  толығымен игерілді.  Биыл мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.    Ал, Қақпатас және Қордай ауылдарында жаңадан салынған екі жаңа мектеп ғимараты жаңа оқу жылына қарай  пайдалануға  берілмек.  Бүгінгі таңда, аудандағы барлық мектептер мен бала-бақшалар және мектептен тыс мекемелер жаңа оқу жылына толығымен даяр  деуге  болады. Ауданның білім беру мекемелері мен  балабақшаларда 62 автономды қазандықтар бар.    Аудан  орталығындағы Қонаев орта мектебі және Гвардейскідегі  «Ақбота» балабақшасы  орталық жылу жүйесіне қосылған.  Ал осындағы  Бауыржан  Момышұлы атындағы  мектеп  дизель  қазандығымен жылытылады. Алты  мектеп, жеті балабақша және үш  мектептен тыс мекеме табиғи газбен жылытылса, бір  мектепте (Көктөбе ауылындағы)  пеш жағылады. Басқа мектептердің  барлығында  қатты отын қазандықтары  жұмысқа әзір. Үстіміздегі жылы Шу қаласындағы «Сауда-Сервис» ЖШС-імен аудан  мектептеріне   қажетті 7943 тонна қатты отынды сатып алып жеткізіп беру үшін  77 миллион 618 мың теңгеге келісім-шарт жасалынған.   Бұған қоса өткен оқу жылынан қалған 492 тонна көмір мектептердің қоймаларында сақталуда.  Бүгінге  дейін    көмірдің 7482 тоннасы, яғни 98 пайызы  жеткізілді.   Білім беру ұйымдарының қазандықтарында баламалы  қуат  көзі үшін 45 дизельді электр генераторы  орнатылған.  Қазандықтардағы от жағушылар мен газ қазандықтарындағы операторларды апталық оқыту  курсы қыркүйек айында  басталады. Оған 158 от жағушы қамтылатын болады.  Бұл үшін бюджеттен  1 миллион 580 мың теңге қарастырылған. Қорыта айтқанда, аудандағы мектептер жаңа оқу жылына және жылыту маусымына әзір.

Қуат  Райымқұлов, аудандық  білім бөлімінің  басшысы. Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар