«Тараз» футбол клубы Қызылордада «Қайсармен» ұпай бөлісті
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының шешуші кезеңі басталды. Екінші алтылықта қалып қойған «Тараз» футбол клубы үзілістен кейінгі алғашқы ойынын Қызылордада жергілікті «Қайсарға» қарсы өткізді. Евгений Яровенконың шәкірттері сырт алаңдағы матчта қалайда жеңіске жетуге ұмтылғанымен, жергілікті ұжым жерлестеріміздің әр шабуылын орта жолдан қайтарып, жолын бөгеумен болды. Сыр өңірінің командасы ара-тұра қарымта шабуылдар ұйымдастырып, жамбылдық команданы кей сәттерде тығырыққа тіреді. Гол соққаннан гөрі өз қақпаларына доп жіберіп алмауды көздеген қос команда қорғаушылары бұл күні керемет ойын үлгісін көрсете алды. Матчтың жиырма алтыншы минутында «Қайсар» командасының ойыншысы Кейлор мен «Тараз» сапындағы шабуылшы Азука алаңнан қуылды. Негізгі құрамдағы ойыншысынан айырылған жерлестеріміз кездесудің қалған бөлігінде әредік шабуылға иек артқанымен, мандытып ойын көрсете алмады. Іш пыстырарлық темпте өрбіген ойын аяқталғанша қос команданың саңлақтары да таблодағы көрсеткішке өзгерту енгізе алған жоқ. Осылайша, «Тараз» сыр елінен жалқы ұпай олжалап қайтты. Енді қалған кездесулерде жеңіс ауадай қажет.
Табиғат Абаилдаев,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




