- Advertisement -

Жапонияда темір жол стансасында мас адамдарды автоматты түрде анықтайтын камера орнатылды

73

- Advertisement -

20150816212758Жапондық JR West көлік компаниясы  пилоттық жоба аясында  мас адамдарды анықтау мақсатында Осакадағы Кебаси темір жол стансасындағы бейнебақылау жүйесін жаңғыртты.

N+1 хабарлағандай, жүйе 46 бақылау камерасынан тұрады. Олар болып жатқан құбылысты саралайды.  Егер адам платформа шетінде көп тұрса немесе дұрыс жүрмесе, онда жүйе кезекшіні ескертеді.

JR West компаниясының өкілдері осыған дейін де мас адамдардың рельстерге құлауының алдын алу бойынша шараларды қабылдап көрген.

2013 жылы Жапонияда адамды пойыз соғудың 221 оқиғасы тіркелген. Жапа шеккендердің 60%-ы мас күйде болған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support