- Advertisement -

Алматыда қарбыз фестивалі өтеді

85

- Advertisement -

20150817183000Алматыда 29 тамызда 28 панфиловшылар саябағында тұңғыш рет қалалық қарбыз фестивалі өтеді. Қала күні аясында ұйымдастырылатын бұл шара жаз мезгілінің аяқталып, күздің басталғанын білдіреді, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан.

Фестиваль екі негізгі аймаққа: шоу-алаңқайға, яғни сахнаға және белсенділік алаңқайына бөлінеді. Мұнда көрмелер, шеберлік сыныптары өтеді. Қоғамдық тамақтандыру пункттері де осында орналасады.

Фестиваль бағдарламасы бойынша байқаулар, концерт, экология тақырыбы бойынша шағын спектакль, йога-бидің таныстырылымы және биден флешмоб ұйымдастырылады.

Айта кетелік, балалар үшін өз алдына бөлек мерекелік бағдарлама әзірленген.

Фестиваль қонақтары әр түрлі аймақтарда ерекше арт-нысандар аясында фотосуретке түсе алады және карвинг (көкөністер мен жеміс-жидектерді тілгілеп, әр түрлі өрнектер жасау өнері) бойынша мамандардың көрмесін тамашалап, олардың шеберлік сыныптарына қатыса алады.

Фестиваль барысында қарбыз саудасы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support