- Advertisement -

Павлодар облысында бір жасқа толмаған сәби арақтан уланып, ауыр халде ауруханаға түсті

60

- Advertisement -

Павлодар облысының Ертіс ауданында әлі бір жасқа толмаған нәресте арақтан уланып, аса ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Облыстық соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Ертіс ауданының орталық ауруханасына «Аса ауыр түрде алкогольмен улану» диагнозымен ауыр халде 2015 жылы туылған қыз бала жеткізілген.

Реанимациялық іс шаралар өткізгеннен кейін нәресте Павлодар облысының жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Істі қарау барысында айыпталушының баланы спирттік ішімдік ішіп алып, емізгені анықталды. Нәтижесінде нәресте ауыр түрде алкогольмен уланып қалған

Осыдан соң, бала тәрбиесіне салғырт қараған азаматша ата-ана құқығынан айырылды.

Айта кетерлігі, ауруханадан шығарылғаннан кейін сәби Павлодар облысының мамандандырылған балалар үйіне жіберілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support