- Advertisement -

Американы мойындатқан қазақ баласы миллион доллар табудың түк қиын еместігін айтты

90

- Advertisement -

pogudx5lv7uj6opi8.b9a1245aҚатерлі ісік ауруына шалдыққандарға қайырымдылық жасап, қомақты қаражат аударғаннан кейін танымалдығы артқан Асхат Мырзабаев миллион доллар табудың түк қиын еместігін айтты.

Ол небәрі 21 жасында Сан-Франциско қаласының (АҚШ) «Силиконды алқап» деп аталатын аумағындағы «Твиттер» компаниясына жұмысқа орналасқан алғашқы қазақ баласы. Өзі жас, бірақ соған қарамастан жұмыс кестесі өте тығыз.

“Мен Атырау қаласының тумасымын. Отбасымызда анам мен ағам бар. Яғни мен үйдің кенжесімін. Мектепте оқып жүрген кезімде химия пәнінен олимпиадаларға қа­тысып, кішігірім жетістіктерге қол жеткізіп жүретінмін. Содан 2008-жылы Алматыдағы Сүлеймен Демирель атындағы университетке инженер-бағдарламашы мамандығы бойынша оқу­ға түстім де, арада біраз уа­қыт өткен соң мамандық таңдауда қателескенімді ұқтым. Сөйтіп «Ютуб» желісі арқылы шетелдік профессорлардың ақпараттық технология жөнін­де жасаған лекцияларын тыңдап, осы салаға ден қоямын деп шештім. Сөйтіп универси­теттің 3-ші курсында оқып жүргенде АҚШ-қа кеттім. Бұл менің анам мен бауырымнан ажырап, алғаш рет жыраққа кетуім еді. Бастапқыда қатты қиналдым. Ағылшын тілін қан­ша жерден жетік білемін дегеніммен, ол жақта қиындықтарға тап болдым. Сіңісіп кету үшін тәулігіне 14-15 сағат­ жұмыс істеуіме, білімімді шыңдауыма тура келді”, – дейді ол.

Мен бағдарламалаудың бір тілін үйрене бастадым, нәтижесінде осы бағдарла­малау тілін  «Твиттер» қолданған тілге аудару мүмкіндігін таптым.

Осы ретте ол анасына  ал­ғыс­ айтуды ұмытқан жоқ. Асхаттың анасы мамандықты дұрыс таңдауыма барынша жағдай жасап, ұлының шешімдерін қолдап отырған.

“Мен бағдарламалаудың бір тілін үйрене бастадым, нәтижесінде осы бағдарла­малау тілін  «Твиттер» қолданған тілге аудару мүмкіндігін таптым. Өзімнің тапқан тәсі­лімді ашық түрде интернетке салдым да, оларға менің амалымды «Андроид» және  «ІOS» смартфон бағдарламалары үшін қолданған жағдайда қа­жетті нәтижеге екі есе жылдамырақ қол жеткізуге бо­латынын айтып хат жаздым. Олар алғашында менің ұсынысыма сенген жоқ. Ал 2011-жылы олар маған тәжірибе­ден өтуді ұсынды. Осылай үшінші курс­та оқып жүр­генімде «Силиконды алқапқа» жолым түсті”, – дейді Асхат.

Асхат ол жақта «Машиналарды машықтандыру, іздеу және реле­ванттылық бөлімде» жұмыс істейді.

“Мен жеке өзім іздеуді же­тілдірумен және ұсыныс жасау жүйесімен айналыстым. Бұл жүйе қолданушыларға кей адамдардың қызықты жазбаларын оқуды автоматты түрде ұсынады. Әдеттегі қолданушы үшін мұның барлығы қарапайым нәрсе болып көрінгенімен өте қиын еңбекпен келеді. «Твиттер» жұмысын жетілдіру жолында біз бұ­ған дейін қолда­нылмаған ше­шімдерді пайдаландық”, – дейді ол.

Асхат 2013-жылы өз еркіммен жұмыстан босап, дипломдық жұмыс жазып, тың идея­ларды жүзеге асыруға бел буады. Нәтижесінде оның дипломдық жұмысын «Май­крософт» компаниясы сатып алған.

Университетте оқып жүр­генімде маған «рак» деген диаг­ноз қойды. Бұл мен үшін өте ауыр соққы болды, тіпті ол туралы айтқым да кел­мейді.

“Твиттер” компаниясында менің бір кураторым болды. Ол менің Стенфорд университетінің профессорларымен танысуыма жағдай жасады. Сөйтіп мен Стенфорд және Беркли университет­тері­нің бірнеше профессорларымен танысып, тәжірибе­ден өттім. Олардың арасында Нобель сыйлығының математика саласындағы баламасы Филдс жүлдесінің иегері Ефим Зельман деген кісі де бар еді. Қысқасы, сол кісі­лермен бірге математикалық формулалар арқылы, мәселен, ұялы телефонмен түсір­ген қарапайым суреттердің 3D үлгісін жасайтын алгоритм ойлап таптық. Менің бұл жаңалығыма «Майкрософт» қы­зығушылық танытқанын есті­дім. Сөйтіп сатуға келісімімді бердім. Бұл шешіміме еш өкінбеймін. Мен ойлап тап­қан кішкентай ғана алгоритмді бүгінде әлемнің миллиондаған адамдары өз игілігіне пай­даланып жатыр. Сол үшін де қуанамын”, – деді Асхат.

Алайда, Асхаттың қатерлі ісікке шалдығуы оның өміріндегі ең үлкен соққы болды.

“Университетте оқып жүр­генімде маған «рак» деген диаг­ноз қойды. Бұл мен үшін өте ауыр соққы болды, тіпті ол туралы айтқым да кел­мейді… Меніңше, әлемдік дең­гейдегі проблемалардың бірі – қатерлі ісік ауруы. Оның себебі мен салдарын, одан құтылудың жолдарын іздес­тіру үшін ғылыми жұмыспен айналыссам ба деп ойлаған кездерім де болды. Сондықтан да «Барклайс» банктер тобында жарты жыл жұмыс істеп тапқан екі миллион долларымды халықаралық қорға аударамын деп шештім. Бұл шешіміме мүлдем өкінбей­мін. Себебі миллионды бір рет тапқан адам екінші рет те таба алады. Ақша, дүние деген – қолдың кірі. Адам одан да үлкен мақсаттарды алдына қоя білуі керек”, – дейді Асхат Мырзабаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support