АҚШ Францияға 17 жыл бұрын жоғалып кеткен Пикассоның картинасын қайтарады

АҚШ Францияға 17 жыл бұрын жоғалып кеткен Пикассоның картинасын қайтарады
ашық дереккөз
АҚШ Францияға 17 жыл бұрын жоғалып кеткен Пикассоның картинасын қайтарады

20150813174148Бейсенбі күні Американың билік көздері Францияға испан суретшісі Пабо Пикассоның 17 жыл бұрын ұрланған «Шаштараз әйел» атты картинасын қайтарады, деп хабарлады бейсенбі күні париждік БАҚ.

Ол Францияның Вашингтондағы елшілігіне тапсырылады.

Өткен жылдың қысында америкалық кеденшілер тәркілеген өнер туындысының бағасы шамамен 15 млн. долларды құрайды.

Шенеуніктердің айтуынша, жоғалған картина салынған сәлем-сауқат Бельгиядан жіберіліп, кедендік мағлұмдамасында оның ішінде құны небәрі 34 долларлық өнер туындысы жатқаны жазылған.

«Шаштараз әйел» туындысы Париждегі Қазіргі заман өнері мемлекеттік мұражайының топтамасына кірген.

Картина Жорж Пампиду атындағы Ұлттық өнер және мәдениет орталығында сақталды, алайда 1998 жылы белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Өнердегі үздік туындының қолды болғаны туралы тек 2001 жылы хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар