- Advertisement -

Ақтөбеде қытайлық мұнай компаниясы 200 адамды ақысыз демалысқа жіберіп жатыр

54

- Advertisement -

Ақтөбеде мұнайшылар шу көтерді. Қытай инвесторларына жұмыс жасайтын 203 адам қысқартуға ұшыраған. Тағы екі жүз адам қысқартуға ілінудің алдында тұр.

pogudx2pv0s1ckndqg.8cc446beОларға жұмыс беруші бір ай елу пайыз айлық төлеп, екінші айда ақысыз демалыста болуды ұсынып отыр. Ал оған келіспегендер жұмыстан  қысқарады деп ескерткен.

Екі мыңға жуық қазақстандық жұмысшысы бар компания екі жүз адамды қысқартқан. Енді қалғандарына бір ай елу пайыз айлық төлеп, екінші ай ақысыз демалыста болуды ұсынған. Ал оған тек отбасын жалғыз өздері асырап отырған екі жүз адам келіспейді.

“Мен үйде жалғыз асыраушымын. Төрт балам бар. Оларды сабаққа дайындауым керек. Ертең сабақ басталады. Студенттерім бар. Оларға не істеуім керек. Бізге айлықтың өзі жетпейді”, – дейді мұнайшы Қанай Бөрекешов.

Бір бастықтың бес замы бар.  Олардың ешқайсысы қысқартуға ілікпеген.

Жұмысшылар барлығы пәтер жалдап, төлеп отырған несиелеріне беріп отырған елу пайыз айлықтың өзі жетпейтіндіктен жаңа талаптан бас тартқан. Ал оны бір төлемесе, жағдайымыз  әбден мүшкіл болады дейді.

Шыңдықты айтып, басшылар талабымен келіспегеніміз үшін барлығымыз қысқартудың келесі екпініне ілініп кетеміз бе деп те қорқады.

“Бір бастықтың бес замы бар.  Олардың ешқайсысы қысқартуға ілікпеген. Оларға әкімшілік деген де жоқ. Ақысыз демалыс  жоқ. Олар да кетсн, біз сияқты. Қинап қол қойдырып жатыр. Келіспесең ақысыз демалысқа кетесің деп қорқытуда”, – дейді мұнайшы Төрехан Әділов.

Екі мыңға жуық қазақстандық жұмысшысы бар компания екі жүз адамды қысқартқан.

Бұл жұмысшылардың арасында өмір бойы мұнай саласында істеп,  зейнеткерлікке шығуға бір жарым жыл қалғандары да бар. Қазір қысқартуға ұшыраса, олар зейнетақысыз да қалуы мүмкін.

“Маған зейнеткерлікке шығуға бір жарым жыл қалды. Бұл компания маған жұмыс беру керек. Мені қысқартуға жібергісі келеді. Бұл заңсыз. Менің құқым қорғалуға тиіс”, – дейді  Саптықылыш Тезекбаев.

Компания басшылығы жұмыстың болмай жатқандығын әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеп кетуі мен дағдарыс кесірінен  деп түсіндірді.

“Жұмыстың жоқтығына орай жиырма төрт бұрғылау бригадасының тек жетеуі  жұмыс істеп тұр. Бұған дейін он алты жылда мұңдай болған жоқ. Елу пайыз айлықты біз осы күнге дейін төледік. Әрі қарай қаржылай жағдайымыз жоқ болғандықтан осындайға барып отырмыз”, – деп ақталды «Ұлы қабырға» Қазақ- Қытай компаниясы бас директорының орынбасары Арман Камалов.

Жұмысшылар екі жүз адам қол қойып, облыс әкімінің атына, еңбек департаментіне арызданған. Өйткені олардың қолындағы келісімшартта компания өз кінәсінен жұмысты тоқтатын болса, жұмысшылардың елу пайыз жалақысы сақталуға тиіс деп жазылған екен. Еңді олар сол келісімшарттың орындалуын талап етуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support