Құрылысшылар күніне орай облыс жастары арасында кіші футболдан турнир өтті. «Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары» облыстық штабы мен Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі бірлесіп ұйымдастырған аламанға іріктеуден озып шыққан бес команда қатысты. Алғашқы ойын ТарМУ мен ТИГУ командалары арасында өрбіді. Бір айта кетерлігі, бұл турнирге командалар жақсы дайындықпен келіпті. Мәселен, ТИГУ ойыншылары алғашқы минуттардан-ақ қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, Асхат Нұрбаев алғашқы кезеңде есеп ашты. Екінші кезеңнің бітуіне санаулы секундтар қалғанда ТарМУ ойыншысы Балташ Ақылбеков есепті теңестіріп кетті. «Жасыл ел» құрылыс жасақтары Жамбыл политехникалық колледжінің студенттерін 4:2 есебімен ұтса, «Жайдарлы» көңілді тапқырлар клубы мен ТИГУ арасында өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Бұл жолы ТИГУ сапынан Нұржан Туғанбай екі гол соғып, мергендігімен танылды. Ақтық сында «Жайдарлы» көңілді тапқырлар клубының ойыншылары «Жасыл ел» құрылыс жасақтарының жігіттерін 4:2 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. «Жайдарлы» сапынан Ерқасым Ешенқұлов, Нұржан Төлепберген, Тоқтар Төлегенов үздік ойынымен көрінді. Сапында Павел Лавшин, Ізбасар Өксікбаев, Данияр Ыбырай секілді жақсы ойыншылары бар «Жасыл елге» екінші орын бұйырды. Жүлделі үшінші орынды ТИГУ жігіттері қанағат тұтты. Олар ТарМУ командасынан басым түсті. «Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары» облыстық штабының төрағасы Ерболат Нұрабаев жеңімпаз және жүлдегер командаларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




