- Advertisement -

Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылады

66

- Advertisement -

Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылады. Бұл жайлы баспасөз маслихаты барысында Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикенов мәлімдеді.

Қазіргі маусымды ойнап біткеннен кейін, екі клуб біріктіріліп дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағына көшеді.

– Біріктіру барысында басшылар құрамы, команда құрамасы ауысып, оқу-жаттығу өткізуде отандық және шетелдік мамандар тартылады. Біздің ойымызша, жаңа клуб өзінің жанкүйерлерін жаңа жетістіктерімен қуанта алады, – деді басқарма басшысы Елдос Чикенов.

Дегенмен, «Восток» футбол клубы жабылып қалмайды. Клуб қарамағында құрылып жатқан академия құрамынан жаңа команда құрылып, жас ойыншылар «Алтай» футбол клубының тәжірибесі бойынша жаттығады.

Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін Семей және Өскемен қалаларының волейбол командалары бір құрамаға біріктірілген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support