Ғалымдар саңырауқұлақтан масаға қарсы дәрі жасап шығарды

Ғалымдар саңырауқұлақтан масаға қарсы дәрі жасап шығарды
ашық дереккөз
Ғалымдар саңырауқұлақтан масаға қарсы дәрі жасап шығарды

Ресейлік ғалымдар саңырауқұлақтың емдік қасиетін анықтады, деп хабарлады www.24.kz.

Олар саңырауқұлақ пен бактериялар негізінде масаға қарсы қолдануға болатын дәріні ойлап тапты. Ғалымдардың мәлімдеуінше, дәрі адам отырған жерге жеткен масаларды толықтай дерлік жоюға қабілетті. Мұның өзінде жаңа препарат адамдар үшін қауіпсіз екен. Оның негізгі әсер етушісі - бұл саңырауқұлақтың бойында болатын у. Ол тек масаларға ғана қарсы әсер етіп, адамдар мен өзге тіршілік иелері үшін қауіпсіз болып келеді, деп хабарлайды informing.ru.  Қазіргі уақытта Новосібір ғалымдары ойлап тапқан дәрі клиникалық сынақтан өткізілуде.

Ұқсас жаңалықтар