- Advertisement -

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы кедендік бекеттер ресми түрде алынды

65

- Advertisement -

Мемлекеттік шекараның қазақ-қырғыз учаскесіндегі бақылауды алып тастау рәсімі бүгін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Ақ Жол-Автодорожный» бақылау-өткізу бекетінде өтті.pogudx7f5hob2aedk.89f6d9ae

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Шыңғыс Айтматов атындағы «Рух Ордо» мәдени орталығы мен «Ак Жол» бақылау-өткізу пунктінің ортасындағы телекөпір арқылы мемлекеттік шекараның қазақ-қырғыз учаскесіндегі бақылауды алып тастау рәсіміне қатысты.

Бүгіннен бастап Қырғыз Республикасы Еуразиялық Экономикалық Одақтың толыққанды мүшесі атанды. Енді оның аумағы кедендік шекарасыз бірегей кеңістіктің бөлігіне айналды.

Сол себепті мұндағы 8 бақылау-өткізу бекеті, 7 көлік және 1 темір жолды тек шекарашылар күзететін болады. Олар өтушілердің төлқұжат-визаларын тексеріп, көліктерді тасымалдауға тыйым салынған заттарға қатысты тексерулер жүргізеді.

Тауар тасымалданған жағдайда, арнайы құжаттар ресімделіп, артынша салық органдарына тапсырылады. Барлық өзге тұрғыдан алғанда екі арада қозғалыс емін-еркін болмақ. Енді қырғызстандықтарға көші-қон карточкаларын толтырудың қажеті жоқ.

Еңбек мигранттары мәртебесі Қазақстандағы жергілікті жұмыс күшінің мәртебесіне теңестірілді. Ал таяу арада әлеуметтік пакет ЕАЭО-ға мүше елдер азаматтарының барлығы үшін бірдей болады.

Қаржы қорының қозғалысына еркіндіктің берілуі Қырғыз Республикасы үшін зор инвестициялық мүмкіндіктер ашады.

Республиканың барлық кеден қызметі Қырғызстанның сыртқы шекарасына қарай, яғни Тәжікстан, Өзбекстан мен Қытай екі ортасына көшірілді. Қырғыз кеденшілері тек Қырғызстан мемлекеттік шекараларын ғана емес, Еуразиялық Экономикалық Одақтың шекарасынан да өтетін жүктерді тиісті түрде ресімдей білу үшін Ресейде арнайы оқудан өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support