Павлодарлық санитар тұрғындарды көшеден балмұздақ алмауға шақырды
- author «Ақ жол»
- 11 тамыз, 2015
- 206
Көшеде автоматтардан сатылатын жұмсақ балмұздақтың адам денсаулығы үшін өте қауіпті екені анықталды.
Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында Павлодар облысының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Сәуле Шәріпова мәлім етті деп жазады pavlodarnews.kz.
“Көшелерде жұмсақ балмұздақ даярлау үшін ешбір жағдай жасалмаған. Балмұздақтың мұндай түрі жабдықтары толығымен жуылып, тазаланатын дәмханалар мен мейрамханаларда ғана болады. Ол жерлерде қызметкерлердің санитарлық кітапшалары бар әрі жеке бас гигиенасын сақтау үшін толық жағдай жасалған. Ал көшедегі сатушылар жұмсақ балмұздақтарды дайындау үшін суды кез келген жерден, көбінесе жақын орналасқан дүкендердің дәретханасынан алады”, – деді бас санитар.
Санитарлық дәрігердің айтуынша, осындай жағдайға қарамастан, өткен жеті айда департаментке жұмсақ балмұздақпен уланған бір де бір адамнан шағым түспеген.
Алайда тұрғындардың тазалық шаралары сақталмайтын орындардан балмұзақ сатып алудан бас тартқаны жөн.
Ұқсас жаңалықтар
Ауқымды реформалар – алға басудың алғышарты
- 27 маусым, 2024
Адами борыш, азаматтық міндет
- 17 маусым, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді